АҚШ әуе күштері Иранға сүйенген содырларға соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әуе күштері Иранға сүйенген содырларға соққы берді

26.02.2021

АҚШ әуе күштері Сирияда Иранға арқа сүйеген ирактық қарулы топқа соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, 1 содыр қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Пентагон бұл операцияның мақсаты – Иракта америкалықтарға ракетамен шабуыл жасағандардан кек алу деп мәлімдеді. Сириялық бақылаушылардың мәліметінше, Америка осы жолы Сирия-Ирак шекарасы маңында «Хезболла бригадасы» тобының қару әкетіп бара жатқан жүк көліктеріне аспаннан снаряд жаудырған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу