Айман Омарова: Адвокаттар мен прокурорлардың құқығы тең болуы керек
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде көтерілген мәселелер сөз күйінде қалмайды. Бүгін кеңес мүшелері маңызды ұсыныстардың қолдау тауып, іске асып жатқаны нәтижелі жұмыстың айқын көрінісі деді. Айтуларынша ол үшін 13 заң қабылданып, тағы 9 заңға түзетулер әзірленген. Бұл жолы да өзекті мәселелер көтеріліп, ұтымды ұсыныстар айтылды. Олардың дені қарапайым азаматтарға арналған дейді кеңес мүшелері.
Төлеутай Рахымбеков, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:Мысалы баспана туралы. Осы жерде Президентіміз айтты: неге біз осы уақытқа дейін ірі қалаларда, облыс орталықтарында ғана үй салынады? Бүгін тапсырма берілді ауылдық елді мекендерде де үй салынсын. Ол бірінші мұғалімдер, дәрігер мен ауыл шаруашылық мамандары үшін деп үй салынады.
Ауыт Мұқибек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:Халықты сонша алаңдатып келген мәселеге Президент нүкте қойды. Ол жер мәселесі. Тек қана жер шетелдіктерге жалға берілмейді, сатылмайды деп айтылып келді. Енді оған біржола заңмен тыйым салынатын болды. Халықтың күткені осы болатын.
Мұрат Әбенов, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:Әртүрлі лотарея ойнау, ставка қою, қазір интернет арқылы әсіресе жастарды соған тартып, ақша тігіп, соған қызығушылығын арттырып, заңсыз іс-әрекет жасайтындарды жауапкершілікке тарту керек. Және арнайы заң қарау керек деген тапсырма болды мен толық қолдаймын. Бізге өте қажет нәрсе.
Айман Омарова, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:Адвокаттар мен прокурорлардың құқығы тең болуы керек. Сол туралы ұсынысты бүгін Президент қолдап отыр. Енді Парламентте осы талқыланып, өзгерістер бола ма деп сенім артып отырмыз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00