Ақтөбедегі санаториялық балабақшаның қызметкерлері тілшілерден көмек сұрады
Ақтөбедегі туберкулезге шалдыққан балаларды емдейтін санаториялық түрдегі балабақша қызметкерлері мардымсыз жалақыға наразы. Айтуларынша, жұмыстың ауыртапалағына қарамастан бірнеше жыл бойы айлықтары 57-58 мың теңгеден әрі аспаған. Мекеменің жалақыдан өзге де мәселесі жетерлік.
Светлана Нұрғалиева әріптестерінің бәрі бірдей камера алдына шыға алмай отырғанын осылай түсіндірді. Оның балабақшада жұмыс істеп келе жатқанына он екі жыл болған. Айлықтары аз, сыйақы, өтемақы дегеннің не екенін ұмытқан.
Светлана Нұрғалиева, балабақша қызметкері:
24 мың алып жүрдік 2013 жылы. Ал комиссия келетін күні келісімшартқа сол кезде 57 мың деп берді. Қазір сол 57 мыңды алып жүрміз. Ай сайын дұрыс төленбейді.
Балабақшада айлықтан өзге де мәселе жетерлік. Мына көріністерді қызметкерлердің өздері түсірген. Балабақшаның іші соңғы рет он бес жыл бұрын жөнделіпті. Ал, мынау балаларға берілетін кешкі астың сыйқы.
Гүлмира Серікқызы, балабақша қызметкері:
Шаққа жеткізеді. Салған кезде шаққа жеткізеді. Азып тұр балабақша.
Айлықтарының аз екенін айтқан қызметкерлер құзырлы мекемелердің барлығына шағымданған. Бірақ еш нәтиже жоқ. Еңбек инспекциясының мамандары шағым түскеннен кейін тексеріс жүргізген. Олар заң бойынша, дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істегені үшін сондай ақ денсаулыққа зиян келгені үшін төленетін 60 пайыз үстемақы бар екенін айтты. Алайда, ол базалық жалақыдан есептеліп келеді.
Жұлдыз Шалабаева, қалалық Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Сондықтан педагогтарың үстемақы төленуі алдағы уақытта тағы да қарап, нақтыланатын болады. Жөндеу жұмыстарына қатысты сұранымдар қаралып, қазір дефектный актісі жасалып, жөндеу жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.
Үш жүзден аса орынға шақталған мекемеде қазір 80 бала ғана бар екен. Мекемеге жуырда ғана жаңа басшы келген. Алайда, шығымданушылар басшылық ауысқанымен, мәселе өзгермейді деп қынжылады. Сондықтан құзырлы орындарға тағы да арызданбақ.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
