Ауызбіршілікке жетер байлық жоқ - Артуш Карапетян - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауызбіршілікке жетер байлық жоқ - Артуш Карапетян

24.02.2021

Қазақстанның жарқын болашағына кәміл сенеміз. Себебі, қазақ жерінде түрлі ұлттың тірлігі тату, бірлігі бекем. Бұл – «Наири» армян мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы Артуш Карапетяннің пікірі. Оның айтуынша, ауызбіршілікке жетер байлық жоқ. Бүгінде армян жұртының жемісті, табысты жұмыс істеуінің сыры – қасиетті қазақ жерінің арқасы. Кез келген мемлекет осы қағиданы берік ұстанса, талай биікті бағындыратыны анық,- дейді Артуш Карапетян.

Артуш Карапетян, «Наири» армян мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы:
Көпұлтты қазақ жерінде армян жұрты татулықта, бірлікте өмір сүріп келе жатыр. Елдің ынтымағы табысты еңбек етуге де септігін тигізеді. Біздің кәсіпорнымызда әртүрлі ұлттың өкілдері жұмыс істейді. Алғыс айту күнінде бас қосып, дастархан жаямыз. Менің ойымша, татулықтан асқан байлық жоқ.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу