Есепшоттағы ақша аударымын бақылайтын жүйе енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есепшоттағы ақша аударымын бақылайтын жүйе енгізілуі мүмкін

24.02.2021

Бір азаматтың есепшотына күн сайын бірнеше адамнан ақша аударылса, бұл кәсіпкерлік қызмет болып танылуы мүмкін. Кірістер комитеті шотқа түскен аударымдарды бақылайтын жүйені іске қосуды ұсынды. Осы арқылы салықтан жалтарып жүрген бизнес өкілдерін анықтамақ. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметте аударым мен төлем қабылдау үшін бизнеске бөлек шот пайдалану керек дейді. Дегенмен бақылау мен салықтың жеке тұлғалардың ақша аударымына қатысы жоқ.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу