Шығыс Қазақстанда зауыттағы екі мыңға жуық адам жұмыссыз қалады
«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының Шығыс Қазақстандағы бөлімшесі 10-шы наурыздан бастап екі мыңға жуық қызметкерімен еңбек шартын бұзады.
Мәселе автохолдинг басшылығы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасында туындаған даудан шығып тұр. 10 жыл бұрын кәсіпкер Анатолий Балушкин автокөлік шанағын құрастыру бойынша зауыт салатын болып келісілген. Алайда, белгіленген мерзім ішінде жаңа кәсіпорын іске қосылмады. Сол себепті Өскемендегі «Азия Авто» және «Азия Авто Қазақстан» компанияларына мемлекет тарапынан қолдау көрсету тоқтатылды. Енді жұмыссыз қалған адамдарды өңірдегі басқа кәсіпорындарға орналастыру үшін арнайы штаб құрылды.
Жасұлан Сәрсебаев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:Ірі кәсіпорындар 1829 бос орынның тізімін ұсынды. Оның ішінде 1303 жұмыс орны босатылатындарға сай келеді. Бұдан бөлек, еңбек электронды базасында жарияланған қосымша 1896 шағын және орта бизнес нысандарына бос вакансиялар бар. Жалпы айтқанда, қызметтен босатылғандарды жұмысқа орналастыру мен әлеуметтік қорғау шаралары күнделікті бақылауда.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16