Астанада ұрланған «қола бала» ескерткіші табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ұрланған «қола бала» ескерткіші табылды

23.04.2018

Астанада ашаршылық құрбандарына арналған монументтегі ұрланған баланың мүсіні табылды. Қоладан жасалған ескерткіш темір-терсек қабылдайтын орыннан тәркіленді. Ізінше полицейлер мүсінді ұрлаған күдікті мен оны сатып алған азаматты да ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау мекемесіне қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Айта кетейік, «қола бала» осымен екінші рет ұрланды. Былтыр қолды болып, ұрылар ұсталмай, қайта жасалған еді. Биылғы көктемде тағы жоғалып, бір айдан кейін табылып отыр.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу