1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдетілді
7 күн бойы «Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде 1 наурыздан бастап цирктер мен бильярд клубтары, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.
Сондай-ақ, спорттық шараларды, жұма намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге болады. Бірақ, халықтың аз жиналғаны маңызды. Ал, «сары» аймақтағы өңірлерде жабық базарлар мен сауда үйлерінің жексенбіде жұмыс істеуіне рұқсат. Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл облыстарынан басқа аймақтарда 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптың оқушыларын аралас оқытуға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға рейстер саны көбеймек.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16