Атырау облысында бір аптада 300-ге тарта адам көктайғақта құлап, жарақат алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында бір аптада 300-ге тарта адам көктайғақта құлап, жарақат алған

24.02.2021

Атырау облысында екі тәуліктен бері боран соғып тұр. Сынап бағанасы күндіз 25, ал түнде 35 градусқа дейін төмендеген. Үскірік аяздың кесірінен өңірдегі 196 мектепте сабақ доғарылды. Балалар қазір онлайн режимде оқуға көшкен. Сондай-ақ, кеше барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды. Қаһарына мінген күн райынан адамдар да зардап шегуде. Бір аптаның ішінде ауруханаға 300-ге тарта тұрғын түрлі жарақатпен түскен. Ал, өткен тәулікте 43 адам дәрігер көмегіне жүгінді. Мамандар мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр.

Асхат Бисенғалиев, облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі:
Көпшілігінде аяқ-қол сынықтары. 11 науқас травматология бөлімшесіне салынды. 30 науқасқа әртүрлі сынықтарына байланысты гипс салынып үйлеріне қайтарылды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу