Атырау облысында бір аптада 300-ге тарта адам көктайғақта құлап, жарақат алған
Атырау облысында екі тәуліктен бері боран соғып тұр. Сынап бағанасы күндіз 25, ал түнде 35 градусқа дейін төмендеген. Үскірік аяздың кесірінен өңірдегі 196 мектепте сабақ доғарылды. Балалар қазір онлайн режимде оқуға көшкен. Сондай-ақ, кеше барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды. Қаһарына мінген күн райынан адамдар да зардап шегуде. Бір аптаның ішінде ауруханаға 300-ге тарта тұрғын түрлі жарақатпен түскен. Ал, өткен тәулікте 43 адам дәрігер көмегіне жүгінді. Мамандар мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр.
Асхат Бисенғалиев, облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі:Көпшілігінде аяқ-қол сынықтары. 11 науқас травматология бөлімшесіне салынды. 30 науқасқа әртүрлі сынықтарына байланысты гипс салынып үйлеріне қайтарылды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16