Апаттың алдын алудан гөрі оны жоюға кететін шығын шаш етектен - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апаттың алдын алудан гөрі оны жоюға кететін шығын шаш етектен - депутат

24.02.2021

Апаттың алдын алуға емес, оны жоюға кететін шығын шаш етектен. Мәселен, 2018-20 жылдары су тасқынын күні бұрын ескертіп, қамдануға 12 млрд 400 млн теңге бөлінген. Ал салдарымен күреске 2 еседей көп қаржы жұмсалды. 18 млрд 300 млн теңге. Былтырдың өзінде табиғаттың тосын мінезіне тосқауыл үшін 8 млрд 740 млн теңгедей берілген. Бірақ апат бәрібір орын алып, оны жоюға 16 млрд 49 млн теңге қосымша қаралды. Мәжіліс депутаты Артур Платонов осыған қынжылыс білдірді. Қаражат бар да, қажыр-қайрат жоқ дейді ол. Қазір 276 елді мекенге тасқын қатері төніп тұр. Судың екпініне шыдас бермей қирауы мүмкін 700-дей автомобиль жолдары мен 300 теміржол учаскелері тағы бар  

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жауапты тұлғалар қашанда жағдай бақылауда деп міз бақпайды. Бірақ жылдан жылға материалдық шығын артып барады. Мыңдаған адам мүлкінен айырылып, жүздеген тұрғынның баспанасы қалпына келмейді. Осыдан кейін жұрт апатты алдын алудан гөрі оны жою тиімдірек деп ой түйеді.

Хабарламаларға жазылу