Алматылық ардагерлер төрт шақырым жаяу жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық ардагерлер төрт шақырым жаяу жүрді

24.02.2021

Алматылық бір топ ардагер скандинавиялық жаяу жүруден 4 шақырымды бағындырды. Салауатты өмір салтын ұстанған зейнеткерлер бұл шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту деп отыр. Мамандардың айтуынша, скандинавиялық жүрістің омыртқаға пайдалы әсері бар. Адамның дене бітімін жақсартып, бойыңды түзу, жинақы ұстауға септігін тигізеді. Жүрек-қан тамырларының жұмысы дұрысталады. Осыны ескерген зейнеткерлер аптасына үш мәрте бас қосуды әдетке айналдырды. «Сүйікті іспен айналысу - елдегі тыныштық пен тәуелсіздіктің арқасы», - дейді сайысқа қатысушылар.

Есімхан Аңдағұлов, қала тұрғыны:
Егемендік алғаннан артық не керек бізге? Балалар өзінің елінде өссе. Жақсы өссе, білімді болса. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу