Грузия оппозициясының лидері Ника Мелия тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузия оппозициясының лидері Ника Мелия тұтқындалды

24.02.2021

Грузия оппозициясы өз лидері Ника Мелия қамаудан босатылғанша, қарсылық акциясын тоқтатпайтынын ескертіп отыр. Демонстранттар ең алдымен үкімет үйінің алдына, содан кейін парламент маңына жиналып, сол жерге уақытша шатыр тіге бастаған. 

Мелия экс-президент Михаил Саакашвили құрған «Біріккен Ұлттық Қозғалыс» партиясын басқарады. Бұл саяси ұйымды жаңа премьер Иракли Гарибашвили қиратушы күш деп атаған. 

Айта кетсек, кеше тұтқындалған Мелия 2019 жылы маусымда өткен шерулер кезінде зорлық-зомбылыққа барды деп айыпталып отыр. Оппозиционер болса, өзіне тағылған кінәні мойындамай, саяси себеппен ұсталғанын мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу