Петропавлда жарылыс болған жатақхана тұрғындарына 291 мың теңге өтемақы беріледі
Петропавлда газ баллоны жарылған жатақхана тұрғындарына 291 мың теңге, яғни 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы беріледі. Қазір апат орнын тазартып жатыр. Мамандар әуелі жылу жүйесін қалпына келтіріп, әйнектерді орнатуға рұқсат берді. 5 қабатты жатақханаға соңғы рет 2015 жылы бастан аяқ жөнделген. Қазір мамандар нақты қанша бөлмеге қатты зиян келгенін анықтап жатыр.
Асқар Хабибуллин, қала әкімінің орынбасары:
Сараптама әлі дайын емес, үйдің жарамды-жарамсыздығын солар анықтайды. Біз қазір жылу жүйесіне қосу жұмысын бастадық. Мұнда қазір 103 бөлме бар. Апаттан зардап шеккендер әкімдіктің кезегіне тұруына болады. Ең бірінші өрттен, жарылыстан зақымданған әр бөлменің иесіне 100 айлық есептік көрсеткіштен қаражат беру қарастырылған. Соңынан төтенше жағдай бойынша да қаржы берілуі мүмкін.
Станислав Сазыкин, тұрғын:
Бөлмеміз біраз зардап шекті, түтін иісі жайлап кеткен, күйе іші. Зәреміз ұшып, қолға түскен керекті заттарды алып қаштық. Достарымызға барып, бассауғалап отырмыз.
Сағындық Сәбитұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену – өсетін елдің белгісі
09.09.2026, 18:44
Атырауда «Lotus clean day» шарасы өтті
09.09.2026, 17:38
Сыр бойындағы көне шаһарлардың «Алтын ордамен» байланысы зерттелуде
09.09.2026, 17:37
Зайсан көлінің жағасына балық зауытын сала бастады
09.09.2026, 17:35
Атырауда мал азығын дайындау науқаны аяқталып қалды
09.09.2026, 17:33
13,5 млн тонна астық жиналды
09.09.2026, 17:30
Жамбыл облысында бейімдеу бағдарламасы іске қосылды
09.09.2026, 17:25
СҚО-да жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады
09.09.2026, 17:22