Шығыс Қазақстанның полицейлері 3 күнде 3776 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы кезінде мас күйде көлік жүргізген 50 адам ұсталды. Жолда жылдамдықты асырған 228, қарсы жолаққа шығып кеткен 26 көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол ережесін бұзғандар қатарында 40 қоғамдық көлік жүргізушісі бар. 124 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Ережені елемей, заңды бұзған 700-ден астам жаяу жүргіншіге де айыппұл салынды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдықты асыру деректері жиі кездеседі.
Ержан Самарханов, ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:
Қаланың, елді мекендер ішінде ол қауіпсіздік белдігін тақпау, ұялы телефонмен сөйлесу және жаяу жүргіншілерді өткізбеу. Жыл басынан бері 5 мыңнан артық адам құқықбұзушылық жасады.
Берік Көшербай