Биыл 17 млн шаршы метр үй пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 17 млн шаршы метр үй пайдалануға беріледі

23.02.2021

Елімізде пәтер кезегін күтіп, жалдамалы баспанада тұрып жатқан отбасыларға субсидия төленбек. Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осындай бастаманың қолға алынғанын жеткізді. Айтуынша, субсидия көлемі Нұр-Сұлтанда 90 мың, өзге аймақтарда 60 мың теңге. Оны пәтер кезінде тұрған және табысы әркімге шаққанда 34 мың теңгеден аспайтын отбасылар алмақ. Ал табысы күн көріс деңгейінен жоғары жанұялар төмен пайызбен ипотекаға пәтер алуына болады.

Айта кетейік, қазір 550 мыңдай адам баспана кезегінде тұр. Олар негізінен жағдайы төмен және көп балалы отбасылар. Оларды баспанамен қамту үшін «Отбасы банкі» жанынан арнайы орталық құрылмақ. Сөйтіп әкімдікте үй кезегінде тұрғандардың тізімі осы біріңғай орталыққа көшіріліп, мемлекеттік пәтерлер бір жерден үлестірілмек. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Барлығы осы жылы 17 млн шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өткен жылға қарағанда 2 млн шаршы метрге көп. Өңірлерде құрылыс маусымен уақтылы бастау маңызды. Жер учаскелерін уақтылы бөлу, және оларға қажетті инфрақұрылымды жеткізіп, тиісті жобалық құжаттаманың болуын қамтамасыз ету қажет. 

Досжан Маратұлы


Үкімет отырысы

Хабарламаларға жазылу