Былтыр «Теңізшевройл» 26,5 миллион тонна мұнай өндірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр «Теңізшевройл» 26,5 миллион тонна мұнай өндірген

23.02.2021

Былтыр «Теңізшевройлдың» мұнай өндірісі күрт түскен. Әрі әлемдік нарықтағы сұраныс та біршама азайған.

Осылай деген компанияның жаңа басшысы бұған елдегі эпидахуал себеп екендігін айтты. Дегенмен, пандемияға қарамастан, ТШО өткен жылы 26,5 миллион тонна шикі мұнай өндірген. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы ішкі өнімнің 35 пайызына тең. 

2020 жылы республика бюджетіне құйылған қаржы 6,6 миллиард АҚШ долларынан асқан. Ал тауарлар мен жеткізуші қызметтерге 3,5 миллард доллар жұмсалған. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы қоршаған ортаға өндірістен келетін зиянды азайтуға бағытталған жобалар қабылданып, қыруар қаржы бөлінгендігін атап өтті.

Кевин Лайон, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры:
Былтырдан бері ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар 71 пайызға төмендеді. Сондай-ақ көгілдір отын жағуды азайтып, оны пайдаға асырудағы жоғары көрсеткішті сақтауға баса назар аударып отырмыз. Бұдан бөлек, өткен жылдың қорытындысы бойынша суды қайта пайдалану коээфиценті 49 пайызға артты.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу