Мемлекеттік сатып алу жүйесіне шағымданушылар артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алу жүйесіне шағымданушылар артқан

22.02.2021

Мемлекеттік сатып алуға шағымданушы кәсіпкерлер саны артып келеді. Бизнесмендер құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің айтуынша былтырдан бері 5 мыңдай адамнан шағым түскен. Олар сатып алу жүйесіндегі болмашы ереже бұзушылық үшін кәсіпкерлердің бірден қара тізімге ілігуіне наразы. Былтыр екі мыңнан астам бизнес иесі жауапсыздар реестріне тіркелген. Мемлекеттік сатып алудан шеттетілген. Мұндай қатаң талап кәсіпкерлер үшін ауыр дейді бизнес омбудсмен.

Рустам Жүрсінов, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл:
Бизнесмендердің «жауапсыз» деп танылуына болмашы дүниелер әсер етіп жатыр. Меніңше бұл дұрыс емес. Өйткені 24 айға мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмай қалады. Бұл кез келген бизнес үшін ауыр соққы. Тіпті соның кесірінен банкрот болуы ықтимал.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу