Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік мемлекеттік қызмет атқарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік мемлекеттік қызмет атқарған

22.02.2021

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына басшылық жасаған Олег Подчиваловтың Ресей Федерациясының азаматы бола тұра елімізде мемлекеттік қызмет атқарып келгені анықталды. Оған - Ресейдің ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы ұсынған мәліметтер дәлел. Құжаттарда 1974 жылы туған спорт шебері Мәскеу облысы Краснодарс қаласында тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелгені және оған берілген паспорт сериясы көрсетілген. Құзырлы органдардың тексерісінен соң биыл 20 қаңтарда Подчивалов Қазақстан азаматтығынан айырылды. Әзірге сот заңды күшіне енген жоқ. Бұл шешімге қатысты наразы жақтың аппелациялық шағым түсіруіне бір ай уақыты бар.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу