Вице-министрлер «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вице-министрлер «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын алды

22.02.2021
Вице-министрлер «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын алды

Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның екінші дозасын алды.

Олар вакцинаны №6 қалалық емхана базасында салдырды.

Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты.

Еске сала кетейік, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған еді.

Хабарламаларға жазылу