Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына дайындық жұмыстары пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына дайындық жұмыстары пысықталды

19.02.2021

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты. Сонымен қатар, жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығына дайындық жұмыстарын пысықтады. Мемлекеттік хатшы Қарасай және Жамбыл аудандарындағы әлеуметтік-мәдени нысандар мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейін аралады. Мерейтойды жоғарғы деңгейде өткізу үшін арнайы комиссия құрылған. Жетісу өңірі биыл ақын туралы биографиялық фильм түсіріп, кітаптар шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ақындар айтысы өткізліп, мәдени ескерткіштер орнату жүзеге аспақ.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
28 ақпан күні Жамбыл атамыздың туған күні. Соның қарсаңында 26 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында және Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдерде Жамбыл атамызға қойылған ескерткіштерге, бьюсттерге гүл шоқтары қойылып, әр түрлі іс-шаралар өтеді. Үлкен рухани дәстүрді жалғастыруымыз керек.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу