Қарағанды облысында 2540 адам үй кезегінде заңсыз тұрған
Қарағанды облысында 2540 адам үй кезегінде заңсыз тұрған. Олардың барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған баспаналардан пәтер алуы тиіс болған. Прокурорлардың тексерісінен соң түгелдей тізімнен сызылды. Нәтижесінде пәтер кезегі жылжып, нағыз мұқтаж 89 отбасы баспаналы болды және 110 адам жалдамалы пәтерге қол жеткізді. Бұған қоса заңсыз жолмен берілген 13 пәтер мемлекетке қайтарылған.
Нұрсұлтан Қалдырбай, Қарағанды облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:13 пәтер босатылып, бүгінгі күнде оның 8-не шын мәнісінде мұқтаж адамдар орналастырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында заңсыз тұрғын үй пәтерлерін бөлу, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жатпайтын тұлғаларды кезекке қою және де мемлекеттік сатып алу шарттарына өзгерістер енгізу және осыған ұқсас жүздеген бұзушылықтар анықталды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16