БЖЗҚ зейнетақы жинағын пайдаланушыларға жалған хабарлама таралып жатқанын ескертті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан телефон шабуылдарына қатысты жалған ақпарат таратылып жатқаны туралы хабарлады.
«Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеуге керек деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды. БЖЗҚ мұндай спам-жіберілімнің Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады», - делінген хабарламада.
БЖЗҚ кезекті рет осындай жіберілімдерді жүзеге асырмайтынын және телефон арқылы жеке деректер мен сіздің банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын хабарлайды.
Сондай-ақ, Қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеруді сұрайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16