Судьялардың тәуелсіздігіне қатысты нормаларды пысықтау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судьялардың тәуелсіздігіне қатысты нормаларды пысықтау қажет

17.02.2021

Мәжіліс «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» туралы заң жобасын қарады. Ондағы түзетулерге қатысты депутаттарда сұрақ туындап отыр. Яғни, қазылық етуде Конституцияға бағыну басты талап. Ал, жаңа құжатта облыстағы сот алқалары төраға ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың жалпы отырысының шешімімен құрылады және таратылады делінген. Мәжіліс төрағасы заң жобасындағы осы нормаларды пысықтау қажеттігін айтты.

Қанат Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Заң жобасының түзетулері 2 блоктан тұрады. Жоғарғы сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. Қазіргі мамандандырылған сот алқасы таратылатын болады. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылады. Бұл шара сот жүйесінің өңірлерде істердің бөлінуіне байланысты үнемі өзгері отыратын жағдайда жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Мамандандырылған әкімшілік сот кінәлілік презумпциясына негізделген жария-құқықтық дауларды қарайды. Яғни, азаматтар мен бизнес және инвесторлардың мемлекеттік мекемелер арасындағы тартысы. Қазір осы істерге қазылық ететін 179 судья арнаулы даярлықтан өткен. Депутаттар кадр мәселесіне жіті мән беру керектігін жеткізді.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу