Зейнетақы активтерін әзірге алты компания басқаруға құқылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы активтерін әзірге алты компания басқаруға құқылы

17.02.2021

Зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін басқарушы компанияларға беру жайы алдағы аптада шешілуі тиіс. Қазір қор мен акционерлік қоғамдар арасында шарт жасасу жұмысы басталды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі осылай деп мәлімдеді. Салымшы активтерін әзірге тек алты компания басқаруға құқылы. Бірақ, шешім қабылдау басшылардың еншісінде. Еуропа елдері мен АҚШ-та халық табысын инвестициялық қорға салу арқылы еселейді. Бізде көбіне үй жағдайын жақсартуға жұмсап жатыр. Өйткені, баспана мәселесі – өзекті. Экономистер салымшылардың 5%-ы ғана ақшасын сенімгерлік басқаруға береді,-дейді. Бұл 400 млрд теңге. Ал, жеке басқарушы компаниялардың инвестициялық кірісі зейнетақы қорына қарағанда 3 есе артық. Демек, қордағы ақшаның бір бөлігін облигацияға салу арқылы мол пайда табуға болады.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу