«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді

17.02.2021
«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді

Алматыда «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлімдеді.

«Алмалы аудандық соты 2021 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекер қызметімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтініш хатын қанағаттандырды», - делінген хабарламада. 

Сот актісімен 3,6 млрд теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік тәркіленді. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.


OLIMP прокуратура

Хабарламаларға жазылу