Қазақстанда тұрмыстық техника қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тұрмыстық техника қымбаттауы мүмкін

16.02.2021

Қазақстанда тұрмыстық техника қымбаттауы мүмкін. Бұған жаңадан енгізілгелі отырған салық түрі себеп болуы ықтимал. Импорттаушы компания өкілдерінің сөзінше енді сырттан жеткізілген әр техника үшін авторлық алым алынады. Мұндай өзгерісті сарапшылар әділетсіз деп есептейді. Олар арнайы брифинг өткізді. Авторлық құқық туралы заңға сәйкес импорттаушылар авторлық қоғамға кедендік құнның жалпы сомасынан 0,7% төлеуі қажет. Алайда жеткізушілер бұл жеке компаниялардың қалтасына түсіп жатыр дейді. Айтуларынша, осының кесірінен 2023 жылға қарай смартфон, компьютер және теледидар жетіспеушілігі 2 пайызға өсуі мүмкін. Олар Үкімет бұл жобаны қайта қарап, авторлық алымды алып тастайды деген үмітте. Әйтпесе сырттан жеткізілетін тұрмыстық техникалардың бағасы шарықтап, нарықта сапасыз тауарлар көбеюі мүмкін деп алаңдайды. 

Темірлан Төлегенов, авторлық құқық жөніндегі сарапшы:
2020 жылы тұрмыстық техникалардың жалпы айналымы 500 миллиард теңгені құрады. Бұлардың 5-6 миллиард теңгесі авторлық алым. Интернет пайдаланушы қандай контентті жүктейтіні туралы бізде нақты статистика бар. Бірақ біздің ұсынысымызды Әділет министрлігі ескермей отыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу