Қазақстан биыл 15 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан биыл 15 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

16.02.2021
Қазақстан биыл 15 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан биыл 15 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, 2021 жылы қол жеткізу қажет нысаналы индикаторлар айқындалды. Ең алдымен, осы жылы экономиканың өсімін 3 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта әрбір сала мен өңір үшін нысаналы параметрлер айқындалды. Сондай-ақ, басты міндеттердің бірі - 2021 жылы 15,4 трлн теңге сомаға инвестиция тарту болып саналады. Бұл инвестицияны жалпы ішкі өнімнің 20 пайызы деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, қаңтарда құрылыс саласына тартылған инвестиция 2,3 есе артты. Жалпы, инвестициялар бойынша 13 өңір өсім көрсеткен. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында тіркелді. 

«4 өңір төмен нәтиже көрсетті. Олар Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары», - деді Әсет Ерғалиев.
Үкімет инвестиция Әсет Ерғалиев

Хабарламаларға жазылу