Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзеніне кәріз суы аққан
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзеніне кәріз суы аққан. Мұны тұрғындар ұялы телефон камерасына түсіріп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаған. Автор бұл өзеннен жұрт балық аулайтынын айтып, жергілікті билік тарапынан мәселені назарға алуын сұраған. Экология департаменті мән-жайды анықтаған. 11 ақпан күні су тазалау станциясының магистральды құбыры жарылып, өзенге сол жерден лас су аққан. Ақау шыққан жер тез арада жөнделген. Алайда болған жайт туралы уақытында хабарламағаны үшін жауапты мекемеге айыппұл салынбақ. Сондай-ақ, арнайы комиссия құрылып, құбыр жарылған аумақ тексерілген. Енді оны толықтай қайта жөндеу үшін қаражат қарастырылмақ. Қалпына келтіру жұмыстары көктемде басталады.
Айтолқын Амангелдина, облыстық экология департаментінің бас маманы:Апат толығымен тоқтатылып, қазіргі таңда ешқандай ағынды су жүріп жатқан жоқ ол жерде. Мемлекеттік «Таза су» мекемесі біздің экология департаментіне хабарламағаны үшін келешекте біз ҚР құқық бұзушылық кодексінің 327-і бабы бойынша айыппұл саламыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16