Өткен тәулікте 772 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 772 адам коронавирус жұқтырған

15.02.2021

Қазақстанда COVID және пневмония жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өткен тәулікте 772 адамның коронавирус тесті ковидті растады. 19 адам вирусты пневмонияға шалдықты. 866 адам ковидтен және 205 адам пневмониядан жазылып шықты. Ковидтен 4, пневмониядан 2 адам көз жұмды. Жалпы қазіргі таңда елімізде бұл вирустан 23 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу