Қостанай облысында бір айда 100 отбасы ажырасу үшін сотқа шағым түсіреді
Қостанай облысында 16 мыңнан аса азамат балаларына алимент төлеуден жалтарып жүр. Ал бір айда 100 отбасы некені бұзу үшін сотқа жүгінсе, соның 80-і ажырасып тынады. Қоғамдағы осы келеңсіздікпен күресу үшін Қостанайдағы жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы арнайы орталық ашты. Мұнда қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Орталықтағы мамандар ажырасу үшін сотқа арыз берген ерлі-зайыптылармен сөйлесіп, бұған не себеп болғанын зерделейді. Түйіннің шешімін тауып, оларды татуластыруға тырысады. Сонымен қатар ажырасып, енді алимент даулап жүрген жұптардың да мәселесін өзара келісіммен шешуіне ықпал етеді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16