Доллар қымбаттап, мұнай арзандай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар қымбаттап, мұнай арзандай бастады

12.02.2021

Бір апта тұрақты өсім көрсеткен теңге қайта әлсірей бастады. Қор биржасындағы сауда нәтижесінде АҚШ ақшасы екі теңгеге қымбаттап, 419-ға жетті. Еуро 508, рубль 5 теңге 60 тиынға бағаланды.Теңгенің құбылуына мұнай бағасының қайта түсуі себеп. Әлемдік сарапшылар қара алтын сұранысына қатысты теріс болжам жасаған еді. Бұл мұнайдың арзандауына алып келді. Қаржы нарығындағы тұрақсыздық та ұлттық валютаның нығаюына кедергі. Әрі теңге мен рубльдің байланысы барын айтқан Ұлттық банк өкілі Ресейдегі геосаяси жағдай төл ақшамызға кері әсер етуі мүмкін дейді. 

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу