Қордағы ақшаны алу жағынан алматылықтар белсенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордағы ақшаны алу жағынан алматылықтар белсенді

12.02.2021

Зейнетақы қоры жинақтың бір бөлігін алуға қатысты 375 миллиард теңгенің өтінішін мақұлдады. Қазір бұл ақша 73 мыңдай адамның арнайы шоттарына түсіп тұр. Жалпы үш апта ішінде 150 мыңнан астам салымшыдан өтініш түскен. Оның біразы әлі қаралып жатыр. 32 мыңы талаптарға сай келмеген. Айта кетейік, қордағы ақшаны алу жағынан алматылықтар белсенді. Өтініштердің бестен бірі соларға тиесілі. Ал 17 пайызын Елорда, 15 пайызын Маңғыстау жұрты жіберген. 

Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу