Техаста 130 машина соқтығысып, 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техаста 130 машина соқтығысып, 6 адам қаза тапты

12.02.2021

АҚШ-тың Техас штатында кемінде 130 машина соқтығысып, 6 адам қаза тапты. Құрбандар саны өсуі мүмкін. Тағы 65 тұрғын жараланып, госпитальдерге жеткізілген. 

Соғылған көліктер бір шақырымға жуық жолды алған. Олардың қатарында жеңіл автомобильдер ғана емес, жүк тасушы алып машиналар мен трэйлерлер де бар. Апатқа көктайғақ себепші болса керек. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Арыстар Рысбек

Хабарламаларға жазылу