Ақтөбеде автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай наразылықтарын білдірді
Бүгін таңертең Ақтөбеде қоғамдық көлік жүрмей, тұрғындар дағдарып қалды. Себебі, қаладағы жолаушы тасымалдаушы екі кәсіпорынның бірінің жүзге жуық жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды. Таңертеңнен аялдамалар автобус күткен жолаушыларға толды. Әп-сәтте такси қызметінің бағасы шарықтап шыға келді.
Исламбек Абайұлы, қала тұрғыны:Автобустар шықпай қалды. Адамдар таксиге мінуге мәжбүр болды. Олар 200 теңге еді, 500-ге бағалары көтеріліп кетті.
Төлеген Мақашев, қала тұрғыны:Жүргізушілер болса,бүгін таңғы бестен автобус паркі жанына жиналып, осылай наразылықтарын білдірді. Күн сайын кәсіпорынға 70 мың теңге тапсырулары тиіс. Одан бөлек кондукторға 5 мың теңгені қалталарынан төлейді. Қосалқы бөлшекті де өзіміз сатып аламыз, дейді. Ал соңғы айларда тіпті зейнетақы жарнасы да аударылмаған.
Жандос Жақыпов, автобус жүргізушісі:Кім келеді, өз адамын әкеледі, бухгалтериядан бастап алмастырады. Қазір 800 млн қарызбыз дейді. Оны қай директор тығып кеткенін ешқайсы да білмейді. Желтоқсан айына 21 күнге 75 000 ғана шықты.
Ал, кәсіпорын басшылығы соңғы бірнеше жыл бойы өтемақы мен субсидия берілмегенін, сол себепті жағдайдың нашарлағанын алға тартты. 4 сағаттан соң жүргізушілермен кездесуге шаҺар басшысы келді.
Асхат Шахаров, қала әкімі:Әлеуметтік қоғамдық көліктерге субсидия мәселесі алдағы мәслихат сессиясында бекітілуі керек. Бекітілгеннен кейін ары қарай субсидия арқылы мәселе шешілетін болады.Аталған барлық мәселелерді қарап, басшылармен кездесіп, жауаптарын беретін боламыз.
Кәсіпорын басшылығы да жалақыны көтеруге әкімдікке ұсыныс бергендерін жеткізді. Күн сайын бұл парктің 90 автобусы 19 бағыт бойынша адам тасымалдайды.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00