СҚО-да 1,5 млн теңге пара алған көліктік бақылау инспекциясының қызметкері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да 1,5 млн теңге пара алған көліктік бақылау инспекциясының қызметкері сотталды

12.02.2021

Солтүстік Қазақстан облысы Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері пара алып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Ресейге заңсыз жүк тасымалдаумен айналысқан. Аталмыш азамат өзінің заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, пара ретінде алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Петропавл қалалық сотының үкімімен ол мемлекеттік қызметтен өмір бойы қуылып, 3 жыл түрмеге қамалды. Үкім 20 қаңтарда заңды күшіне енді. 

Айта кету керек, бүгінде сотта кәсіпкерлік субъектісінен 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Мұқановтың тікелей басшысына да қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу