Басты Жаңалықтар Қазақстанда коронавирус салдарынан 13 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жабық тұр

Қазақстанда коронавирус салдарынан 13 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жабық тұр

Індет бизнесті тежеді. Елде 13 мыңнан аса кәсіпкерлік нысан әлі күнге жабық тұр. Өйткені, көпшілік жиналатын орындар – вирустың өршуіне басты себеп. Салдарынан іскер орта шығынға батып, бірталай адам жұмыстан қағылды. Жағдайды жеңілдету үшін «Ashyq» сынақ жобасы жүзеге асырылды. Яғни, адам COVID-19-дың қай формасымен ауырса да оқшаулануы тиіс. Бірақ оны елемейтіндер көп. «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы сондай тұрғындарды анықтауға мүмкіндік бар. Бүгінде бұл ақпараттық жүйені фитнес-клубтар мен SPA-орталықтар, өзге де нысандар қолданып отыр. QR-код тек бизнес субъектісіне беріледі. Ғимаратқа кіреберісте тіркеу жүргізіліп, онда келушінің инфекцияға қатысты мәліметі шығады.   

Нысаналы Ығыл 

                                                          

Бөлісу