Алматыда кәсіпкерлер саны 3,5 есе көбейген
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы алматылық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Тиімділігі мол мемлекеттік жоба қолжетімді бола бастады. Әрі бизнес иелерін қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары аясында несиелерді субсидиялау және кепілдендіру тетіктері жеңілдетілді. 2020 жылы осы бағдарламаның арқасында мегаполисте 1 мыңнан астам жоба қаржыландырылған. Шағын және орта кәсіпке ден қойғандар қатары да артты. Мәселен, Алматыда былтыр 2019 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлер саны 3,5 есеге өскен. Пандемияға байланысты «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілді.
Әсем Мақашова, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бөлім басшысы:Максималдық сома ұзартылды. Сыйақы мөлшерлемесі кәсіпкерлер үшін 6 пайызға дейін төмендетілді. Салалық шектеулер алынып тасталды. Алматы қаласы бағдарламаның 1-бағыты шағын кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша қатыса бастады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16