Алматы облысында шаруа қожалығынан табылған арыстан жұқпалы дертке шалдыққан
Алматы облысында шаруа қожалығының иесі асыраған арыстан жұқпалы дертке шалдыққан. Бұл туралы хайуанаттар бағының өкілдері айтты. Зообақтың мал дәрігерлері Бесқайнар ауылына арнайы барып, жыртқыштың денсаулығын тексерген. Талдау жүргізу үшін биологиялық материалдар алынған. Соның нәтижесінде жыртқыштың бел омыртқасы қисайғаны, буындарында ақау бары белгілі болды. Сондай-ақ, бірнеше жұқпалы вирустың белгілері анықталған. Сондықтан ол әзірге хайуанаттар бағына алынған жоқ. Джума есімді жыртқыш нақты шешім қабылданып, диагноз қойылғанша шаруа қожалығында қалады дейді мамандар.
Ағыбай Әжібаев, хайуанаттар бағы басшысының орынбасары:Егерде малдың анализ нәтижелері дұрыс болып жатса, алуға қарсылық жасамаймыз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16