Ақтөбеде автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды
Бүгін Ақтөбеде қызмет көрсетуші автобус паркінің 100-ге жуық жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды. Олар күнделікті жоспардың тым көптігін,сәйкесінше, айлықтарының мардымсыз екенін айтып шағымданды. Күн сайын кәсіпорынға 70 мың теңге тапсырулары тиіс. Одан бөлек кондукторға 5 мың теңгені өз қалталарынан төлейді. Қосалқы бөлшекті де өзіміз сатып аламыз, дейді. Көбі кейінгі айларда зейнетақы жарнасы да аударылмағанын алға тартты. Ал, кәсіпорын басшылығы соңғы бірнеше жыл бойы өтемақы мен субсидия берілмегенін, сондықтан жағдайдың нашарлағанын айтып отыр. Жүргізушілермен кездесуге келген шаһар басшысы жағдайды барынша түзеуге уәде берді.
Асхат Шахаров, қала әкімі:Әлеуметтік қоғамдық көліктерге субсидия мәселесі алдағы мәслихат сессиясында бекітілуі керек. Бекітілгеннен кейін ары қарай субсидия арқылы мәселе шешілетін болады.Аталған барлық мәселелерді қарап, басшылармен кездесіп, нақты жауаптарын беретін боламыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16