Шымкентте коронавирустың таралуына жол берген 7 мектеп 1 млн теңге айыппұл төлейді
Шымкент қаласында оқушылары мен мұғалімдері індетке шалдыққан 7 мектеп айппұл төлейтін болды. Оның бесеуі - орта мектеп. Қалған екеуі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен жекеменшік «Бәйтерек» білім ұясы. Бұл мектептердің әрқайсысы 933 мың теңге айыппұл төлейді.
Олар мұндай әкімшілік жауапкершілікке санитарлық - эпидемиологиялық нормаларды сақтамағаны үшін тартылып отыр. «Мәселен, №18 мектепте алдымен мұғалім, онан кейін 4 оқушы коронавируспен ауырған. Бұл мектепте сақтық шараларының дұрыс жүргізілмегенін айғақтайды»,-дейді мамандар. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тағы бір мектеп карантинге жабылып отыр. Ондағы санитарлық жағдай тексеріліп жатыр.
Роза Аханова, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:Карантинге жабылған мектептерде жиі кездесетін кемшілік мектептерде маскалық режим сақталмаған. Одан бөлек, кварц сәулесі дұрыс қолданылмайды. Сондай-ақ дезинфекциялық сұйықтықтармен тазарту дұрыс жүргізілмеген. Ғимарат алдына қойылған фильтрлер талапқа сай емес.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14