Елімізде уран кен орындары қараусыз қалған
Елімізде кейбір уран кен орындары қараусыз қалып отыр. Сенатта атом энергиясын пайдалану туралы заңға енгізілетін өзгерістерді талқылау кезінде депутат Сергей Ершов осы мәселені көтерді. Айтуынша, қазір Ақмола облысына қарасты Степногорск, Красногорск өңірлеріндегі уран кендері ашық-шашық жатыр. Ешқандай күзет қойылмаған. Бақылау жоқ. Ескі техникалар кен орнында қалған. Ал жақын маңдағы халыққа радиациялық қауіптің қаншалықты зиян екені ешкімге беймәлім, - дейді сенатор.
Сергей Ершов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Біз бұл сұрақтарды орынбасарларыңызға, қарамағыңыздағы қызметкерлерге қойған едік. Өкінішке орай, ешқандай жауап ала алмадық. Радиациялық қауіпсіздікке қатысты осы мәселені қалай шешуге болады?
Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:Заңда радиациялық, ядролық және ядролық-физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нормалары бар. Соның шеңберінде тиісті шаралар жүргізіледі. Сіз көтеріп отырған мәселе мен ескертулеріңізге қатысты рұқсат етсеңіз, мен жазбаша түрде жауап беремін.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16