Санитарлық авиацияның сапасы сын көтермейді – депутат сауалы
Елімізде санитарлық авиацияның қызметі сын көтермейді. Осыған қатысты тиісті іс-шаралар жедел қолға алынуы керек. Сенатор Ақмарал Әлназарова Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ұшақтардың техникалық жағдайы науқастарға медициналық қызмет көрсету және тасымалдау стандарттарына сәйкес келмейді. Қолданыстағы ұшақтар әбден ескірген. Салдарынан, кейінгі 3 жылда санавияцияда 14 әуе апаты орын алды. 5 адам, оның ішінде 2 дәрігер қаза тапқан. Сенатор ұшу уақытына тарифті ұлғайту үшін қаржы бөлу қажет дейді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Санитарлық ұшақ арқылы көрсетілетін авиациялық қызмет тарифтері 2016 жылғы деңгейде қалып отыр. Бұл отандық авиакомпаниялардың өндірістік-шаруашылық қызметінің жандануына және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын талаптарға сай ұстауға мүмкіндік бермей отыр.
Ал депутат Нұртөре Жүсіптің Үкіметке жолдаған депутаттық сауалы балалар кардиохирургиясы саласына қатысты. Айтуынша, жүрек реанимациясы мен қарқынды терапия бөліміндегі науқастарға антибиотиктер, иммундық дәрілер мен тамограф аппараттары жетіспейді. Балалар денсаулығын тексеретін дәрігерлер тапшы. Сенатор мамандардың мәртебесі мен жалақысын көтеру қажет деп отыр. Кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтерге тарифтік саясатты қайта қарау да маңызды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16