Коронавирустың жаңа түрлері өшіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың жаңа түрлері өшіп тұр

11.02.2021

AstraZeneca вакцинасы коронавирустың «британияық» түріне төтеп бере алғанымен, «оңтүстікафрикалық» штаммға қарсы тиімсіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы препаратты зерттеуден кейін осындай тоқтамға келді. Соған қарамастан, ұйым екпені қабылдауға кеңес беріп отыр.
Алехандро Кравиото, ДДСҰ иммунизация жөніндегі сарапшылар тобының басшысы:
Вакцинаның қорғаныш қасиеті төмен болса да, вирустың жаңа түрлері тарап жатқан елдерде оны қолдануды ұсынамыз. Препарат туралы әзірге толық ақпарат жоқ. Алайда әлемде күн сайын мыңдаған адам індеттен көз жұмуда. Екпе өлім-жітімді азайтуға сеп болар еді.
Вирустың мутацияланған түрінен қауіптенген бірқатар мемлекеттер карантинді ұзартып жатыр. Германия коронавирус жұқтыру оқиғалары азайғанына қарамастан, қатаң шектеулерді наурыздың 7-не дейін созды. Алайда мектептер мен шаштараздар екі аптадан соң ашылуы мүмкін.

Ал Аргентинада ковид жұқтырғандар саны 2 миллионнан асты. 50 мыңға жуық науқас қайтыс болды. Індетпен күресу мақсатында елге ресейлік вакцинанының 820 мың дозасы жеткізілген. Алайда билік мұны жеткіліксіз деп, Ресейден екпені тағы жіберуді сұрап отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу