1007 адамнан вирус анықталды: COVID-19 жұқтырғандар туралы жаңа деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1007 адамнан вирус анықталды: COVID-19 жұқтырғандар туралы жаңа деректер

11.02.2021
1007 адамнан вирус анықталды: COVID-19 жұқтырғандар туралы жаңа деректер

Өткен тәулікте коронавирустан 5 адам көз жұмды. 1007 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 199093-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 1530 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 180807. Қайтыс болғандар - 2626.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 272 адам ем қабылдап жатыр. 264 науқастың жағдайы ауыр.  46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 52 адам дертке шалдығып, 4 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48388 адамға пневмония диагнозы қойылды. 37998 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 591.

Хабарламаларға жазылу