«KZ», «ҚАЗ» домен атаулары ел аумағына ауыстырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KZ», «ҚАЗ» домен атаулары ел аумағына ауыстырылып жатыр

09.02.2021

«KZ», «ҚАЗ» домен атауларын ел аумағына ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Көшіру барысы толық аяқталғанда Қазнеттің отандық барлық интернет-ресурстары тегін болмақ. Сонда қолданушылар тек шетелдік ғаламторды пайдаланғаны үшін ақы төлейді. Бүгінде 100 мыңға жуық «KZ», «ҚАЗ» домені бар желі жұмыс істеп тұр. Соның 45 мыңнан астамы тіркеу талаптарын бұзғаны анықталып, тиісті министрлікке түзету тапсырылған. Қазір 18 мың 700-дейі қазақстандық хостингке көшті. Ел аумағына ауысқан доменнің барлығы WebTotem отандық жүйесі арқылы қорғалады.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу