Францияда мектептерде матадан жасалған маска тағуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда мектептерде матадан жасалған маска тағуға тыйым салынды

09.02.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы AstraZeneca вакцинасының сынақ нәтижелерін қайта тексереді. Мұндай шешім Оңтүстік Африка аталған препаратты қолданудан бас тартқан соң қабылданды. Африкалық мамандардың хабарлауынша, ол ковидтің жаңа түрлеріне қарсы тиімсіз.

Ал АҚШ ғалымдары Калифорния штатында пайда болған коронавирус түрі Жаңа жыл мейрамы кезінде науқастардың күрт көбеюіне себеп болды дейді. Ол британиялық штамм сияқты қауіпті. Алайда қауіпсіздік шаралары мен екпенің арқасында қазір инфекцияны жұқтыру азайған.  

Латын Америкасында індетке шалдыққандар саны 20 миллионға жуықтап қалды. Олардың 9,5 миллионы Бразилияға тиесілі. Елде тәулігіне 500-ден астам адам дерттен көз жұмуда. Инфекциямен күресу мақсатында ел билігі қытайлық вакцинадан бөлек, Ресей мен Үндістан екпесін алуды жоспарлап отыр.

Францияда мектептерде матадан жасалған маска тағуға тыйым салынды. Бұл шешім ұстаздар мен дәрігерлердің наразылығын тудырып, олар үкіметтен аталған ереженің күшін жоюды талап етіп жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу