Нұр-Сұлтанда гүл дүкенінің ашылуына орай ұтыс ойынын өткізгендерге айыппұл салынды
Елордада гүл сататын дүкеннің ашылуына орай қарақұрым халықты жинағандар жазасыз қалмайды. Оларға тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынына қатысқысы келгендер гүл сататын дүкен алдына жиналып, соның кесірінен ұзын-сонар кептеліс пайда болған еді. Оңай олжаға кенелуді көздегендер бірін бірі таптап кете жаздады. Ұтыстан дәмелі жұрт санитарлық талапты ұмыт қалдырған. Ал бас бәйге жеңіл көлік. Дүкенге баса-көктеп ұмтылған адамдарды полицейлер әрең ұстап қалды. Тіпті ғимарат орналасқан Мәңгілік ел көшесінде қозғалыс қиындады. Бұл шараға 2 мыңнан аса тұрғын жиналған. Яғни Бас санитар дәрігердің қаулысы өрескел бұзылды. Ұтыс ойынын ұйымдастырушылар полиция департаментіне жеткізілді.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07