Салтанат Байқошқарова: Қазір әрбір алтыншы отбасында бедеулік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салтанат Байқошқарова: Қазір әрбір алтыншы отбасында бедеулік бар

07.02.2021

Жинаған зейнетақы қорынан ақша ала алатындар салымын медициналық мақсатта жұмсауына болатыны белгілі. Оның ішінде эктракорпоральді ұрықтандыру процедурасына жұмсауға рұқсат беру туралы «Отбасы банктің» басқарма төрайымы Л.Ибрагимова айтып отыр. Себебі Ибрагимова ханым Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, сол қоғамдық жұмысы барысында ЭКО жасатқысы келген бір келіншек оған өтініш білдірген. «ЭКО жасатуға елімізде квота бар, бірақ жетпейді. Әлгіндей ұсыныс береміз, себебі зейнетақы салымын осы бағытта жұмсау жайлы ережеде жоқ. Бірақ қарастыруға болады деп ойлаймын», деген ол.

Иә, ЭКО рәсіміне мемлекет квотаны кәдімгідей көбейтті. Себебі репродуктолог-дәрігерлерлің айтуына қарағанда, әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр.

Мәселені зерттеп, материал жасау барысында тұрмыс құрғасын 5 жылдан кейін бала сүйген Ләйлә есімді келіншекті түсіргенбіз, қалай баласыз өмір сүргенімді білмеймін деп ағынан жарылды. Қайта ол бала сүйді. Зар болып жүргендер расында, өте көп.

Осы проблема, оның түйінін тарқатуда жап-жақсы көмек болатын мемлекеттік квота бөлудің сол баяғы бюрократиямен шырмалғаны жайлы Ақерке Бектастың материалы.


Хабарламаларға жазылу