Астанада бораннан университеттің шатыры құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бораннан университеттің шатыры құлады

11.01.2018

Боранның салдарынан Астанада көлік қозғалысы мен адам жүрісі ғана қиындаған жоқ. Түрлі нысандарда оқыс жағдайлар орын алуда. Ғимараттардың бөлшектері қирап, көліктердің үстіне құлаған жағдайлар да тіркелді. Сондай оқыс оқиғалардың бірін әріптесім Азамат Бейбітұлы көріп, дәл қазір бізге ақпар бөлісуге дайын.

 Азамат Бейбітұлы, тілші:

Дүлей боран шаһар тұрғындарын діңкелеткені рас. Себебі, қаланың әр жерінде түрлі оқыс оқиғалар тіркелуде. Соның бірі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университетінің бас ғимаратында болды. Таңғы сағат 09:00-10:00-дар шамасында нысанның шатыры қирап құлаған.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу